Камкор менеджмент

Жаңалықтар

Құрметті әріптестер! Қымбатты "Қамқор менеджмент" компаниялар тобының жұмысшылары!

Құрметті әріптестер! Қымбатты "Қамқор менеджмент" компаниялар тобының жұмысшылары!

Құрметті "Қамқор магистраль" кәсіподақ көшбасшылары!

Біздің елімізде терроризмге қарсы операция жалғасуда, бүкіл ел бойынша төтенше жағдай жарияланды. ұлттық ұлан гвардиясы және әскери күшімен елімізде қазақстан конституциясына сәйкес құқықтық тәртіпті орнату бойынша ауқымды операциялар жүргізілуде.

Өкінішке орай, осындай кезеңде қайғылы жағдайлар орын алып, адамдардың қаза табуына әкеліп соқты. Осындай қиын жағдайда біздің еңбек ұжымдары жоғары жауапкершілік пен тәртіпті танытуда. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында тасымалдау үдерісінің үздіксіздігі қамтамасыз етіліп, еліміздің барлық өңірлеріне азық-түлік, дәрі-дәрмек және бірінші кезекте қажетті құралдар жеткізіледі. қазіргі уақытта біздің азаматтық сана-сезіміміз бен туған елге деген адалдығымыз бұрынғыдан да айқындала түсті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында Сіздердің әрқайсыңызға алғыс білдірді: " Құрметті отандастар, Сіздермен мақтанатынымды айтқым келеді. Осы күндері тыныштық сақтап, тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге күш салған Қазақстан азаматтарына алғысымды білдіремін. Арандатушылыққа, деструктивті үндеулерге қарамастан, Сіздер Заңға және өз еліңізге деген адалдықты сақтай білдіңіздер.

Ірі қалалардағы студенттерінің, еңбек ұжымдарының мүшелеріне, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы жұмысшыларының азаматтық санасы үшін алғыс айтамын".

Осынау сәтте, Мемлекет басшысының Жолдауында айтылғандай: " Елімізде тұрақтылық пен тыныштықты қамтамасыз ету үшін - бірлігіміз бен ауызбіршілігіміз маңызды. Елімізде болып жатқан қиын жағдайды және сынақты, Біз халқымыздың бірлігін сақтай отырып, еңсере аламыз"

Құрметті әріптестер!

Ерен еңбектеріңіз үшін рақмет! Сіздерге зор денсаулық тілеймін! Өзіңіз аман- есен болып және жақындарыңызға қамқор болыңыздар!

Құрметпен, "Қамқор Менеджмент" Бас директоры

Диас Сүлейменов



← Бөлiмге өту