Камкор менеджмент

Жаңалықтар

"Казталовка-Жанибек Республикалық маңызы бар автокөлік жолын күрделі жөндеу" 95-138 км

"Казталовка-Жанибек Республикалық маңызы бар автокөлік жолын күрделі жөндеу" 95-138 км

"Теміржол жөндеу" Республикалық маңызы бар Казталовка-Жанибек 95-138 км автокөлік жолын күрделі жөндеу бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде.

Мамыр айына арналған жоспарға сәйкес;

- Жоспар бойынша айналма жол 5 км құраса, оның5,4 км орындалды;

- Жер төсемін орнату бойынша 102 км-ден 109 км-ге дейін жұмыстар басталды, оның ішінде кесу және тығыздау, жер төсемін қабаттап себу;

- Мамыр айына жоспарланған 3 шақырым қиыршық тас-құм, цемент қоспа құрылғысы бүгінгі күні 1,8 шақырым орындады;

-Ірі түйіршікті асфальт-бетон қоспасын орнату 3 км жоспарланған және айдың соңына дейін компания жоспарды орындау бойынша жұмыс істеуде.

2022 жылға Тапсырыс беруші «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ бүкіл учаске бойынша 42 км ірі дәнді асфальтбетонмен жүруді қамтамасыз ету міндетін қойды.

Оның 9 шақырымы 2021 жылы орындалса, қалған 33 шақырымы ағымдағы жылдың соңына дейін орындалмақ.

← Бөлiмге өту