Камкор менеджмент

Жаңалықтар

Халықаралық жоба іске қосылды

Халықаралық жоба іске қосылды

18 мамырда Молдова Республикасының Бессарабка станциясында "Қамқор Менеджмент" компания тобының ірі халықаралық жобасы салтанатты бастау алды. Атап өтсек "Теміржол жөндеу" ЖШС және «Молдова темір жолы» МК "Бендеры-Бессарабка-Етулия-Джурджулешты желісінде теміржол инфрақұрылымы объектілерін жобалау және қайта құру". Бұл-теміржол желісі Молдова Республикасы үшін маңызды болып табылады. Румыния, Украина және Ресей Федерациясынан жүктердің транзитін қамтамасыз етеді. Жобаны қаржыландыру көзі Еуропалық даму банкі және Еуропалық инвестициялық Банк болып табылады.

Ресми шараға «Молдова темір жолы» МК Бас директоры Олег Тофилат, "Қамқор Менеджмент" Құрылыс және жаңа жобалар жөніндегі Басқарушы директор Искандир Карсыбеков сонымен қатар Қазақстанның Молдовадағы елшілік өкілдері қатысты.

Олег Тофилаттың айтуынша, бұл Тәуелсіз Молдова тарихындағы ең ірі және маңызды күрделі жөндеу жобасы, ол теміржол инфрақұрылымын қайта құру бойынша бірқатар жобаларды бастайды!

"2021 жылы "Теміржол жөндеу " екі кезеңдік тендердің нәтижесі бойынша, екі жыл қатарынан жеңімпаз атанып, келісімшартқа қол қойды. "Теміржол жөндеу" ЖШС 20 жыл бойы Қазақстан Республикасының аумағында 4 000 км жуық күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді және 1.000 км астам жаңа теміржол желілерін салды. Компания осы жобаны табысты іске асыру үшін барлық қажетті тәжірибе мен жоғары білікті мамандар, техникалық жабдықтарға ие", - деп атап өтті Искандир Карсыбеков.

"Теміржол жөндеу" ұжымын атқарылған жұмыстарымен құттықтаймыз және жобаны жүзеге асыру үшін табыс тілейміз!

← Бөлiмге өту