Камкор менеджмент

Жаңалықтар

Астана ЖМС-да Жаңа жол салу кешені

Астана ЖМС-да Жаңа жол салу кешені

"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясының қажеттілігін барынша қанағаттандыру және темір жол магистральдарындағы сапаны, сенімділікті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында "Қамқор Менеджмент" компания тобы тұрақты негізде Құрылыс және жөндеу техникасын жаңартуға қаражат бөледі.

"Теміржол жөндеу" - Астана ЖМС филиалына біз сатып алған төсеме краннан, 3 мотор платформасынан және алмалы-салмалы жабдығы бар 22 платформадан тұратын жол салу кешені келді.

"Синара – Транспортные Машины" холдингімен жол техникасының әр түрлерін жеткізуге арналған келісімшартқа сәйкес "Теміржол жөндеу" теміржол жолдарын салу және күрделі жөндеу үшін қазіргі заманғы техниканы сатып алуды жүзеге асырды.

Арнайы жылжымалы құрамды жаңарту жолдың жоғарғы құрылысын салу мен қайта жаңартудың жыл сайынғы қарқынын өсіруге, темір жолдарды жөндеу және қызмет көрсету технологиясын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Жақын арада негізгі технологиялық жабдықтардың жаңартылған паркінің тұсаукесері өтеді, онда техниканың жұмыс істеуі көрсетіледі!

← Бөлiмге өту