Камкор менеджмент

Жаңалықтар

Бас директор Диас Сүлейменов төс белгілерді табыстады

Бас директор Диас Сүлейменов төс белгілерді табыстады

Бүгін бас директор Диас Сүлейменов салтанатты жағдайда «Құрметті теміржолшы» төс белгісін «Теміржол жөндеу» ЖШС жол құрылысы және жөндеу директоры Қайрат Амангельдинович Акпаровқа және «Құрметті машина жасаушы» төс белгісін «Қамқор Менеджмент» ЖШС жаңа жобалар бойынша басқарушы директоры Искандир Серикович Қарсыбековке табыс етті.

Марапатталған қызметкерлер жұмыста тиімді нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін әзірлемелерді жүзеге асырды, ғылыми-техникалық шешімдер мен озық технологияларды енгізді, осылайша темір жол саласын дамыту мен жақсартуға маңызды үлес қосты. Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтай отырып, кезекті кәсіби жетістіктер тілейміз!

← Бөлiмге өту