Камкор менеджмент

Жаңалықтар

Көлік қызметкерлері күніне орай марапаттар

Көлік қызметкерлері күніне орай марапаттар

Көлік қызметкерлері күніне орай «Қамқор Менеджмент» компаниялар тобының 8 қызметкері Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитетінің медальдармен, төс белгілермен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

100 жуық жұмыскерлер «Қамқор Менеджмент» ЖШС-ң төс белгілермен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды «Құрметті теміржолшы» төс белгісі «Теміржол жөндеу» ЖШС жол құрылысы және жөндеу директоры Қайрат Амангельдинович Акпаровқа табысталды. «Құрметті машина жасаушы» төс белгілері «Қамқор Менеджмент» ЖШС жаңа жобалар бойынша басқарушы директоры Искандир Серикович Қарсыбеков пен «Теміржол жөндеу» ЖШС Шу ЖМЖСҚК депосының директоры Махсут Патаевич Косманбетовке табысталды.

«Еңбек ардагері» медальдері «Қамқор Менеджмент» ЖШС Адами ресурстарды басқару және ұйымдастыру жұмыстары жөніндегі қызметінің басшысы Колганат Кураишевна Жусупова және «Теміржол жөндеу» ЖШС Ақтөбе РДК филиалының директоры Сергей Муханбединович Нурбергеновке табысталды. Сіздердің жемісті еңбектеріңізге шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Сіздерге жаңа өндірістік табыстар, мықты денсаулық және амандық тілейміз!

← Бөлiмге өту